Украиналық UFC файтері Никита Крылов енді Ресей туы астында өнер көрсетеді

11.04.2025, 12:11

Осы аптада ол америкалық файтерге қарсы жекпежек өткізеді

Украиналық UFC файтері Никита Крылов енді Ресей туы астында өнер көрсетеді
UFC

UFC лигасында жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін украиналық Никита Крылов енді Ресей атынан өнер көрсететін болды. Ол Донецкте туғанымен, өмірінің негізгі бөлігін Ресейде өткізген.

«Мен өткен жекпе-жегімде Ресейдік Килсоводск қаласының атынан шығуды жөн көрген едім. Өйткені, өмірімнің көп бөлігін осы қалада өткіздім. Туған жерім Донецк қаласы болғандықтан мен ұзақ уақыт бейтарап тудың астында өнер көрсетіп келемін. Өз туыңсыз жекпе-жекке шыққанды мен құптамаймын. Енді Ресейдің атынан өнер көрсететінімді мақтанышпен айтқым келеді», - деді Крылов.

Никита Крылов Донецк (Украина) тумасы. Біраз жылдан бері Ресейде тұрып, сонда дайындалып келеді. Ол кәсіпқой мансабында 39 жекпе-жек өткізіп, 30 рет жеңсе (12 нокаут), 9 мәрте жеңілген. 

Осы демалыс күндері Крылов UFC 314 турнирінде жартылай ауыр салмақта америкалық Доминик Рейеске қарсы октагонға шығады. Ол соңғы рет 2023 жылдың наурыз айында жекпе-жек өткізіп, 33 жастағы Райан Спаннды бірінші раундта жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам