
Маңызды жекпе-жек 28 маусымға жоспарланған
UFC-дің бұрынғы жауынгері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов өзінің мансабындағы маңызды оқиға алдында мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Жалғас Жұмағұловтың беделді еуропалық лигада чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығатыны туралы жазғанбыз.
«Арыстан аш және жақында аңға шығады», – деп жазды ММА жауынгері Х әлеуметтік желісінде осы жекпе-жектің алдында.
Бұған дейін еуропалық OCTAGON ММА промоушені Жұмағұлов (17-9) пен лиганың қазіргі чемпионы грузиялық Бено Адамия (12-8-2) арасындағы чемпиондық айқасты жариялаған. Жекпе-жек 28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтеді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Жұмағұлов үшін еуропалық лига аясындағы екінші кездесу болмақ. Ол былтырғы қараша айында аталмыш промоушенде дебют жасап, Уэльс өкілі Аарон Эбиді төрешілер шешімімен жеңген еді.