Жарнама
Жарнама

Дәулет Тұрлыхановтың інісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Редактор
22.04.2026, 16:54

Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінен зорлық көргенін айтып, шағымданған еді

әлеуметтік желі

Алматы қаласының полициясы Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді.

2026 жылғы 16 наурызда Тұрлыхановтың отбасында кезекті рет жанжал болып, ол жұбайына күш қолданды деген күдікпен ұсталған еді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты барлық мән-жайды тексеріп, қажетті материалдарды жинаған.

Алайда жәбірленуші тарап шағымынан бас тартып, істі әрі қарай қарауға қатысудан бас тартқан. Осыған байланысты іс заң талаптарына сәйкес тоқтатылған.

Полиция өкілдері тұрмыстық жанжалдарға қатысты әрбір жағдайда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шаралар қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов бұған дейін де осындай жағдаймен құқық қорғау органдарының назарына іліккен. 2023 жылдың қазанында оған жұбайына күш қолданды деген айып тағылғанымен, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Ал 2024 жылдың қаңтарында Алматы қалалық соты бұл істі қайта қарап, оны қайталанған құқық бұзушылық үшін 10 тәулікке қамауға алған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: