Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуге кірісті

Редактор
Бүгін, 10:54

Асаубаева журналистердің қазақ тіліндегі сұрағына жауап беруден бас тартып, сынға қалған еді

әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа ұстазбен қазақ тілінен сынақ сабағына қатысатынын айтты.

Спортшы өз Telegram-арнасында күнделікті жоспары туралы айтып өтті:

«Қазір ғана үйге келдім, ұйықтаймын. Ертең күнімнің көп бөлігін салонда өткіземін. Сонымен қатар, қазақ тілінен жаңа мұғаліммен сабағым жоспарланған. Ағылшын тілінен де ұстаз таптым, сабақтар ұнайды деп үміттенемін. Спортқа әлі толық орала алмадым, бірақ сол бағытта жұмыс істеп жатырмын. Жарыққа тапсырыс бердім, анам микрофондарын береді. Бейнемді қолдағандарыңызға рахмет. Мінсіз болмағанын түсінемін, бірақ біртіндеп жақсарамыз. Баршаңызға алғыс, жақсы көремін», — деді ол.

Еске салайық, 2025 жылдың маусым айында Асаубаева журналистердің қазақ тіліндегі сұрағына жауап беруден бас тартып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған еді. Кейін шахматшы отбасында орыс тілінде сөйлейтінін, ал тығыз жаттығу кестесіне байланысты тіл үйренуге уақыт тапшы екенін түсіндірді. Уақыт өте келе ол бұл мәселеге қайта оралып, мемлекеттік тілді үйренуге уәде берген болатын.

Реклама
Реклама