Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов әлемдік рейтингте көтерілді

Редактор
Бүгін, 10:18

Әлемдік рейтингтің көшін енді ресейлік Аюб Блиев бастап тұр

ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде Елдос Сметов бір саты жоғарылады.

60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы 1710 ұпай жинап, қазір 23-орында тұр. Ал осы салмақтағы тағы бір қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин төрт орынға төмендеп, 1485 ұпаймен 26-сатыға түсті.

Әлемдік рейтингтің көшін енді ресейлік Аюб Блиев бастап тұр. Ол бес орынға бірден көтеріліп, 4390 ұпай жинаған. Екінші орында франциялық Ромен Валадье-Пикар болса, үздік үштікті жапониялық Рюдзу Нагаяма түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Елдос Сметов татамиге соңғы рет 2024 жылғы Париж Олимпиадасында шығып, Қазақстанға тарихи алтын сыйлаған еді. Содан бері ресми турнирлерге қатыспаса да, рейтингтегі орнын жақсартып отыр. Бұл өзгеріс басқа спортшылардың ескі жарыстардағы ұпайларының есептен шығуына байланысты болды. Соның нәтижесінде Сметов автоматты түрде жоғары көтерілді.

Реклама
Реклама

Материалда: