Тағы үш балуан бүгін татамиге шығады
Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының ағлашқы айналымында Ғұсман Қырғызбаев жеңіліп қалды.
66 келіде татамиге шыққан отандасымыз бірінші белдесуінде Израиль балуаны Тал Фликкерге ұтымды әдіс жасағанымен төреші «отандасымыз өміріне қауіп төндіретін әдіс жасады» деген нұсқаумен «хансоку маке» берді. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады.
Осылайша Қырғызбаев БАӘ-де дүниежүзілік доданы аяқтады.
Әйелдер арасындағы 57 келіде белдескен Бақыт Құсақбаева әдеттегіше бірінші айналымнан кейін елге қайтатын болды. Ол әлем чемпионатына сенім артып апарғанына қарамастан әзірбайжандық Аселя Топрақтан жеңілді.
Сонымен қатар, бүгін 66 келіде Жанарыс Рахметқали, 73 келіде Данияр Шамшаев пен Бақытжан Әбдірахманов татамиге шығады.