Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Елдос Сметов қола жүлде үшін күресте таза жеңілді (ВИДЕО)

19.05.2024, 20:01

Ол иппон әдісімен жеңілді

Елдос Сметов қола жүлде үшін күресте таза жеңілді (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жүлдесіз қалды. Үшінші орын үшін болған күресте жерлесіміз жапон балуанынан таза жеңілді.

60 келіде күрескен жерлесіміз иппон әдісімен жеңілді. Оның қарсыласы – жастар арасында әлем чемпионы және ересектер арасында Азия чемпионы атанған Таики Накамура.

Сметов бұған дейін Вьетнам, Оңтүстік Корея, сосын Бразилия сплртшысынан айласын асырған. Алайда, ширек финалда ресейлік Аюб Блиевке қосымша уақытта (golden score) есе жіберді. Ширек финалда Янг Ю Веймен (Қытайдың Тайпейі) белдесуде тыйым салынған әдіс қолданған француз Валадье Пикар чемпионаттан шеттетіліп, Елдос қола үшін белдесуге мүмкіндік алған.

Еске сала кетейік, Елдос – қазақ дзюдосындағы ең титулы көп балуан. Ол 2019 бен 2022 жылы өткен әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеген. Ал 2015 жылы чемпион атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам