Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан балуандары түгел жеңілді

20.05.2024, 15:01

Қоржында жалғыз қола медаль бар

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан балуандары түгел жеңілді
olympic.kz

Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде белдескен қазақстандық 5 дзюдошының барлығы жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

66 келіде Жанарыс Рахметқали алғашқы айналымда француз дзюдошысына жол берді. Қатарынан үш шидо алған отандасымыз осылай жарысты аяқтады. Айта кететін жайт, аталған дзюдошы таяуда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

73 келіде Бақытжан Әбдірахманов та жарысты алғашқы айналымнан аяқтады. Ол неміс дзюдошысына вазаримен есе жіберді. Осылайша ол жарысты жүлдесіз аяқтады. Бақытжан өткен аптада Астанада аяқталған Гранд Слэм турнирінде үшінші орынға ие болған еді.

Осы салмақтағы басты үмітіміз Данияр Шамшаев бірінші белдесуінде Молдова балуанынан иппонмен ұтылып, елге қайтатын болды.

Бұған дейін қарсыласына қауіпті әдіс қолданған Ғұсман Қырғызбаев жарысты аяқтаса, 57 келіде Бақыт Құсақбаева бірінші айналымда жеңілген еді.

Қазақстан балуандары жарыстың алғашқы күнін қола медальға ие болды. Бұл жүлде 48 келіде белдескен Абиба Әбужақыноваға тиесілі. Сондай-ақ, Елдос Сметов бесінші орынға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам