Танымал шаңғышы әйелімен бірге таудан құлап қаза тапты

Редактор
06.06.2024, 09:50

Өлер алдында күйеуі әйелін құшағына алып жатқан

instagram.com/jeandanielpession/

Шаңғы спортынан Италия құрамасының мүшесі Жан Даниэль Пессион тау-шаңғы курортында демалып жүріп опат болды деп жазады The Mirror.

Басылымның жазуынша, спортшы әйелі Элиза Арлианмен бірге Альпі тауына романтикалық саяхатқа барған. Алайда, мұның соңы трагедиямен аяқталып отыр.

«Өлер алдында екеуі бірін-бірі құшақтаған, дәл солай құшақтасып жатқан күйінде табылды. Дәрігер келгенде олар қайтыс олып кеткен еді. Болжам бойынша, ерлі-зайыпты 670 метр биіктікке дейін шығып құлаған. Бірақ, апат болуына не себеп екені әлі анықталмады», - деп жазды The Mirror.

Спортшының қазасын Италияның Қысқы спорт федерациясы да растады. Марқұм әлем кубогінің ТОП-20 шаңғышыларының қатарына кірген.