Енді ол Олимпиада алтыны үшін француз балуанымен белдеседі
Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде белдесетін қазақстандық Елдос Сметов финалға шықты. Ол шешуші сында испаниялық әлем чемпионы Франциско Гарригосты қосымша уақытта ауырту әдісімен таза жеңді.
Енді ол финалда франциялық Лука Мхидземен чемпиондықты сарапқа алады. Айта кетейік, екі балуан да Токио Олимпиадасында 60 келіде қола жүлдегер атанған.
Сметов бүгін іріктеу кезеңдерінде Нидерланд, Украина, Тайпей спортшыларын ұтты. Ал шешуші сәтте ол өзінің шеберлігін паш етіп, 2023 жылы әлем чемпионы атанған испан өкілінің жолын кесті.
Сондай-ақ, бүгін Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін Швеция өкілі Тара Бабулфатпен шеберлігін байқасады.