Жараланғандар қатарында да Ресей чемпионы бар
18 қыркүйекте Мәскеудегі Wildberries компаниясының бас кеңсесіне суық қаруланған бірнеше адамның басып кіріп, атыс ұйымдастырғаны айтылған болатын. Күзетшілермен қақтығыс салдарынан үш адамның қаза тапқаны айтылды. Ресейлік telegram-каналдар олардың қатарында және жараланғандар арасында елге танымал спортшылардың бар екенін жазып жатыр.
Мәселен, 28 жастағы Исламбек Эльмурзиев – еркін күрестен спорт шебері. Ал, Ингушетия тумасы Умар Чичаев тхэквондодан Ресей чемпионы болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол аралас жекпе-жекпен айналысып, «Ахмат» және «Беркут» клубтары атынан өнер көрсеткен.
Ресейдің билігі қаза тапқандар туралы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиға туралы ақпараттар telegram-каналдар мен ақпараттық агенттіктерде тарап жатыр.
Аталған ақпарат көздері жараланғандар қатарында да белгілі спортшылардың аз емес екенін айтуда. Мәселен, 30 жастағы Абубакар Местоев – MMA фпйтері, Рашид Кадзоев – бокстан Ресей чемпионы және Бекхан Оздоев – грек-рим күресінен спорт шебері.