Елімізде спортты дамытуға бөлінген қыруар қаражатты жұмсағандарды Антикор тексеруді бастады

Редактор
21.12.2023, 10:45

Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары көтерген болатын

olympic.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігінің қаржысына тексеруді жүргізуді бастайды. Бұл ретте спорт саласында жемқорлық оқиғаларына сыртқы талдау жүргізілетіні белгілі болды.

Агенттіктің баспасөз қызметі тексеру кезінде туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынышты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері де қаралмақ.

«Бұдан бөлек, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт ныснадарын салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады», - деп жазылған агенттік таратқан мәліметте.

Бұл тексеру агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі.