Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Нариман Құрбанов Олимпиададан кейінгі алғаш рет жарысқа қатысады

Редактор
20.03.2025, 11:57

Ол әлем кубогында басты фавориттердің бірі болмақ

ҰОК

Антальяда спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңінде Нариман Құрбанов сынға түседі. Былтыр Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғаннан кейін халықаралық жарыстардан тыс қалған спортшы үшін бұл жауапты дода болғалы отыр.

ҰОК тарапы Олимпиада жүлдегері әлем кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиынын Зейнолла Ыдырысовпен бірге өткізгенін хабарлады. Құрбанов биыл Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанған. Бас бапкер Александр Ким екі спортшының бірге жаттығуы жоспар бойынша жүзеге асқанын атаған.

Халықаралық гимнастика федерациясы оны әлем кубогының басты фаворитінің бірі ретінде атап отыр. Бұл сында негізгі қарсыластарының бірі Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, қытайлық Чжан Бохэн болмақ. Қытай өкілі де Олимпиададан кейін ешқандай жарысқа қатыспаған.

Антальядағы әлем кубогының іріктеу кезеңі 20-21 наурыз күндері аралығында өтеді. Ал финалдық бәсекелер 22 наурыз күні жалғасады. Бұл сында Қазақстан құрамасында Нариман Құрбановтан бөлек Асан Сәлімов, Роман Маменов, Зейнолла Ыдырысов қатысады.

Жарнама
Жарнама