Бұрынғы спорт вице-министрі 12 жылға сотталуы мүмкін

20.03.2025, 12:48

Ол мемлекетке бір миллиард теңгеден аса шығын келтірген

Бұрынғы спорт вице-министрі 12 жылға сотталуы мүмкін
ҚФФ

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді.

Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.

«Іс аяқталды. Қожағапанов пен мердігер ұйым басшысының ісі сотқа берілді – сот процесі жалғасуда. Мұнда аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру мәселесі қарастырылып жатыр», – деді Құрақбаев Сенат кулуарында.

Құрақбаевтың айтуынша, іс бойынша келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады.

«Сот жүріп жатыр, білуімше, аяқталуға жақын. Оған тағылған бап бойынша санкция 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімді қарастырады. Бірақ барлық мән-жайды ескере отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Сот ашық түрде өтуде», – деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі әрі премьердің экс-кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны туралы былтыр наурыз айында белгілі болды. Ал шілде айында сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам