Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақ бапкері таэквондадан Тунис құрамасына 4 жолдама әперді

13.02.2024, 15:36

Ал, Қазақстанда бұл спорттан әлі жолдама жоқ

Қазақ бапкері таэквондадан Тунис құрамасына 4 жолдама әперді
El.kz

Таэквондодан Тунис құрамасының бапкері Есбол Сұлтановтың шәкірттері Париж олимпиадасына төрт жолдама алды. Еl.kz сайтының жазуынша, аталған спорт түрі бойынша әзірге Қазақстан құрамасы бірде-бір лицензия иеленбеген.

Африкада бапкерлік қызмет атқарып жүрген маман өзінің жұмысы туралы айтты.

«Тунис таэквондо федерациясының шақыруымен 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы елдің ұлттық құрама командасының тізгінін қолға алдым. Жалпы, құрама спортшыларымен жақсы таныспыз. 2020 жылы Токио олимпиадасы алдында Тунис құрамасы негізгі жаттығу жиынын Алматыда өткізген болатын. Сол дайындығымыз сапалы өтіп, олар Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды. Сол уақыттан бері жақсы қарым-қатынаста болдық. Көптеген халықаралық жарыста, оқу-жаттығу жиындарында кездесіп жүрдік. Сондықтан болар, спортшылармен тіл табысу аса қиындық туғызбады. Тек Тунистің спорт сүйер қауымы басында сынмен қабылдады. Оларды да түсінуге болады. Қазақстан таэквондосы әлемге аса танымал емес. Тунистің кей азаматтары Қазақстан туралы мүлде білмейді де екен. Сондықтан күмәні орынды еді. Бір жарым ай өтпей әлемдік Гран-приде Тунис екі алтын алып, жалпы есепте командалық бірінші орынды жеңіп алдық. Тағы бір айдан кейін Африка чемпионатында да үздік нәтиже көрсеттік. Жыл аяқталар алдында Гранд слэм турнирінің күміс медалін жеңіп алдық», - деді қазақ бапкері.

Тунистіктер Есбол Сұлтановпен келісімшарт мерзімін Париж олимпиадасына дейін жасаған.

«Тунис халқы негізінен екі тілде сөйлейді: араб және француз. Мен ағылшын тілінде сөйлеймін. Арабша бастауыш курстарын аяқтадым. Спортшылар оқу орындарында ағылшын тілін оқығандықтан, мені қиындықсыз түсінеді. Ақпан айының 10-11-і аралығында Сенегал астанасы Дакар қаласында Олимпиадаға Африканың құрлықтық іріктеу турнирі өткізілді. Менің командам іріктеу нәтижесі бойынша төрт лицензия ұтып алып, Африка және жалпы араб елдері арасында көш бастады. Мұндай нәтиже, яғни мүмкін болған төрт лицензияны түгел жеңіп алу Тунис таэквондо тарихында алғаш рет болып отыр. Әзірге Тунис олимпиадалық спорт түрлерінен жалпы 14 лицензияны иеленді. Соның ішінде таэквондошылар ең көп лицензиямен бірінші орында», - деді Ербол Сұлтанов.

Ол өзі жұмыс істейтін елдегі жаттығу барысының қалай жүзеге асатыны туралы да айтып өтті.

«Жаттығу процесін жергілікті Спорт комитетінің арнайы базасында өткіземіз. Қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Спортшыны жоғары деңгейде дайындауға жан-жақты қарағанды дұрыс көремін. Ол үшін мұнда жақсы мүмкіндіктер бар. Физикалық дайындық бойынша бапкеріміз бар, әр спортшы үшін жеке психолог қарастырылған. Диетолог, физиотерапевттер, сарапшылар, техникалық көмекшілер және де медициналық ғылыми-зерттеу ұжымы әрқашан көмек қолын созуға дайын. Орасан жұмыс атқарылып жатыр». - деді маман.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам