Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қаңтар оқиғасынан кейін қызметтен кеткен Асқар Мамин ҰОК-те вице-президент болуы мүмкін

15.02.2024, 00:31

Головкиннің экс-чиновниктер мен олигархтарға сөзі өте ме?

Қаңтар оқиғасынан кейін қызметтен кеткен Асқар Мамин ҰОК-те вице-президент болуы мүмкін
Барыс ХК

26 ақпанда еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып Геннадий Головкин сайланатыны туралы ақпарат гу-гулеп тұр. Бүгін даңқты боксшының үміткер ретінде тіркелгені рейсми айтылды. Ал, отандық журналист Тамара Вааль болса Головкинге кімнің орынбасар болатынын да инсайт ақпарат ретінде жазып отыр.

Оның дерегінде үкіметті 3 жылға жуық басқарған Асқар Мамин қысқы спорт түрі бойынша ҰОК-нің вице-президенті болады-мыс. 

Ал, Қазақстанның бай адамдары тізіміне енген Данияр Әбілғазин жалпы сұрақтар бойынша вице-президент болған еді. Енді ол жазғы спорт бойынша мәселелерді қарайтын вице-президенттікке үміткер болып отыр.

Бокстан Лондон олимпиадасында чемпион атанған Серік Сәпиевке де лауазымды қызмет тиюі мүмкін. Болжам бойынша ол паралимпиадалық спортты дамыту бойынша вице-президент атанады.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов болса ҰОК-де жалпы сұрақтар бойынша вице-президент міндетін қоса атқармақ. Шамасы, туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев ҰОК-де өзінің сөзі өтетін бір адамды жауапты қызметке жайғастыруды жөн көргендей.

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков енді бұл жұмысын тапсырып, халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президент міндетін алуы ықтимал.

Ал, ҰОК атқару комитетінің қатарында Рио олимпиадасының чемпионы Андрей Баландин, олигарх, теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов, Афины және Бейжің олимпиадасының қатысушысы, көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова, дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, ШҚО-ның аттай 9 жыл басқарған, жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Гаджи Гаджиев, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасынан шумен кеткен бұрынғы басшы Олег Почивалов, еліміздің шаңғы қауымдастығының басшысы, аса бай адамдарының тізімінде 38-орынға жайғасқан Диас Сүлейменовтер бар.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Бас хатшысы болып бұған дейін PR қызметінде болған Жанар Өтешова тағайындалуы ғажап емес. Әзірге бұл орынға үміткер ретінде Головкиннің командасында пиар қызметті басқарған маман таңдалған сыңайлы. Өтешова сондай-ақ Әділбек Жақсыбеков Астанаға әкім болған тұста бірер жыл баспасөз қызметінің жетекшісі болып, кейін ҰОК пиар департаментінде жауапты міндетті атқарған.

Осылайша 26 ақпанда ҰОК жаңа басшысының есімі белгілі болады. Ол біз ойлаған кәсіпқой бокстың әлемге танымал өкілі болары белгілі секілді. Дегенмен, Олимпиада басталуға санаулы айлар қалғанда Головкин не бітіруі мүмкін? Одан қалса, өзінің қол астындағы қалталы олигархтарға қарағандылық боксшының сөзі өте ме деген сауал баршаны мазалайтыны сөзсіз...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам