Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Легионерге бюджеттен ақша берілмейді...

26.04.2024, 23:15

Бұл - негізі халық қалаулыларының ғана емес, бүкіл халықтың жеңісі

Легионерге бюджеттен ақша берілмейді...
Ақсу ФК

Дәл қазір Мәжіліс қабырғасында денешынықтыру және спорт туралы заң жобасы қаралып жатыр. Мен де жұмыс тобына сарапшы ретінде қосылғам. Айтпағым, Нартай Аралбайұлы басшылығымен өтетін жиын бірнеше ай бойғы қызу талқыдан кейін келімсек спортшыларға қатысты нақты шешім қабылдады. Яғни, бұдан былай келімсектерге бюджеттен 1 теңге де берілмейді. Берілмейді. Болды. Нүкте. Оның ішінде айлық та бар, бонус та бар, трансферлік ақы да бар. Норманы депутаттар бірауыздан қолдады. Енді тиісті реттілікпен Президент алдына жетіп, Мемлекет басшысының қол қоюын асыға күтеміз.

Бұл - негізі халық қалаулыларының ғана емес, бүкіл халықтың жеңісі. Өйткені, қайдағы жоқ келімсектерден әбден шаршадық. Олар да қазақ елін нағыз майшелпекке айналдырып алған. Аңғалдығымызды пайдаланып, жыл сайын миллиардттаған теңгені өз елдеріне әкетеді. Екі ортада делдал болып, пайда тауып жүрген өзіміздің алаяқтар да бар. Міне, енді осының барлығын тыятын уақыт келді. Оны, әрине, сіз бен біз жүзеге асырамыз. Әйтпесе, әлгі тойымсыздарға осылай қала бергені жақсы. Сол үшін күресіп те көрді. Бірақ, түбі бәрібір әділдік орнады. Халықтың талабы орындалды.

Біреу білсе, біреу білмес, қазір легиорнерлерге ақша бюджеттен беріледі. Яғни, халықтың ақшасы. Халықтың аузынан жырып алынған ақша. Сомасы өте үлкен. Бұған дейін бұл мәселе ашық айтылмады. Айтқан адамдардың аузын жауып келді. Бірақ, осы жолы соңына дейін тіресіп тұрып алдық. Ақыры жеңдік. Халық жеңді. Норма заң жобасына енгізілді. Енді оны бұзғысы келетіндер болса не әртүрлі қитұрқылыққа баратын болса, жауапкершілік күтеді. Ешбір шенеунік бұндай тәуекелге бара қоймас. Бара ма, шаруасы бітті. Шыны керек, басқа амал болмады. Тек заңмен ғана шектеу керек еді. Солай жасалды. Постты эмоциямен жазып отырмын. Қуанып. Аталмыш заң жобасында тағы біраз жаңашылдық бар. Алдағы күндері осылай бөлісіп отырамын...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам