Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Аман Қонысбеков тістеніп тұр…

18.05.2024, 23:36

Өзбекстаннан оралған қандасымыз өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Аман Қонысбеков тістеніп тұр…
Қазақстан бокс федерациясы

Жуырда ғана елімізге қоныс аударып, ұлттық құрама қатарына қосылған қандасымызды «Елорда Кубогында» кездестірдім. Жарысты өте сәтті бастады. Ә дегеннен жылдам қимылымен және жойқын соққысымен көзге түсіп, көпшіліктің сүйкімін туғызған еді. Тек жартылай финалда ғана өзбек өкілі Хаваспек Асадуллаевтан жеңілді. Сол ғой ішін өртеп бара жатқан. Ана жақта кеткен есені осында қайтара алмағынанына күйінеді. Барымды салдым дейді. Әттең... 

Кейінгісі де осал емес. Өзбекстанда қарсылас шақ келтірмеген жігіт. Яғни, 71 келіде көрші елдің нөмірі бірінші боксшысы. Аман онымен ашық айқасты. Артқа шегінген жоқ. Тәуекелге барды. Оның өзі үлкен ерлік. Өз басым соншалық өкінетін ештеңе байқамадым. 19 жастасың. Әлі де есе қайтаратын сәттер болады. Алда әлем чемпионаттары бар. Олимпиада ойындары бар. Соған дайындал. Алған бетіңнен қайтпа. Біз өзіңмен біргеміз. Қазақ елі өзіңмен бірге...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам