«Ашуымды келтіреді»: Зидан Мбаппемен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Бұған дейін Зидан мен Мбаппе арасында келіспеушілік туғаны туралы ақпарат тараған еді

Imago
Imago

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан «Реал» шабуылшысы әрі ұлттық құраманың капитаны Килиан Мбаппемен арада ешқандай келіспеушілік жоқ екенін мәлімдеді.

«Жазылып жатқан дүниелерді толық түсінбеймін. Бұл тақырыпта пікірталасқа түскім келмейді. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Ойыншы үшін де, мен үшін де бәрі қалыпты. Адамдардың не айтатынына кедергі жасай алмаймын», – деді Зиданның сөзін L’Équipe басылымы келтірді.

Журналистер бапкерден Мбаппемен арадағы қарым-қатынасы мінсіз емес деген қауесеттердің өзіне әсер ететін-етпейтінін де сұрады.

«Иә, әрине, маған жеткен әңгімелердің кейбірі ашуымды келтіреді», – деп жауап берді ол.

Бұған дейін Зидан мен Мбаппе арасында келіспеушілік туғаны туралы ақпарат тараған еді. Оған шабуылшының «Реалдағы» жүктемесін ескере отырып, ұлттық құрама сапындағы жаттығулар мен ойындарға қатысу қарқынын өзі реттегісі келгені себеп болған. Алайда Зидан бұл ұсынысты қабылдамай, дені сау капитан команданың мүддесі үшін алаңға шығуы керек екенін айтқан. Осы жағдайдан кейін Мбаппенің көңілі қалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні Франция құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы турында Түркияны өз алаңында қабылдайды. Астана уақытымен кездесу 00:45-те басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам