«Сендер енді басқа Жәнібекті көресіңдер»: Әлімханұлы салмағына қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында рингке оралады

instagram.com/janibek_alimkhanuly/
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Жуырда екінші орта салмаққа көшкен Жәнібек Әлімханұлы өзінің табиғи салмағына оралғанын мәлімдеді. Енді ол жаңа деңгейге көтрелетінін мәлімдеп отыр.

Жәнібек әуесқой бокста жүргенде 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен еді. Кәсіпқойға ауысып, ол 160 фунтқа (72,6 кг) төмендеді. Бұл дивизонда «Qazaq Style» екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленген. Енді ол салмағын бір сатыға жоғарылатып, жаңа дивизионда бағын сынап көрмекші.

«Мен ұзақ жыл әуесқой бокста 75 келіде өнер көрсеттім. Бұл менің табиға салмағым еді. Кәсіпқой боксқа ауысып, салмағымды 160 фунтқа түсірдім және екі чемпиондық титулды біріктірдім.

Енді мен өз салмағыма қайта оралдым. Енді 168 фунтта сіздер басқа Жәнібекті көресіздер», - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік парақшасында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың қаңтарында рингке оралады. Екінші орта салмақта ол WBO чемпиондық титулы үшін даниялық боксшы Якоб Банкпен жекпе-жек өткізуі тиіс.

Қазақ боксшысы соңғы рет рингке 2025 жылдың сәуір айында шыққан. Ол кезде Жәнібек Астанада франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді және қос бірдей белбеуін қорғады. Мұнан кейін желтоқсан айында үшінші белбеу үшін Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда, қараша айында оның ағзасынан допинг табылып, жекпе-жектен шеттетілді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам