Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әлемді жаяу аралап жүрген Ұлытау тұрғыны қалай тамақтанатыны туралы айтты

28.11.2023, 11:25

2 тамыз бен 14 қазан аралығында қария 2900 шақырымды жаяу жүріп өткен

Әлемді жаяу аралап жүрген Ұлытау тұрғыны қалай тамақтанатыны туралы айтты
Massaget

Былтыр Ұлытаудан шығып Қазақстанның барлық аумағын жаяу аралап, Ақтауға жетіп тоқтаған Сәрсенбай Қотырашев өзінің тамақтану әдісі туралы айтты. 73 жастағы ақсақал күн сайын бірнеше рет тамақтанатын көрінеді.

«Мен тамақты бірден көп ішпеймін. Күніне 4-5 рет аз мөлшерде тамақтанамын. Тіпті, күніне бір мезгіл кеспе көже ішемін. Таңертең ұйқыдан тұрғанда шай мен жылқының майын жеймін. Кешке шаймен қолдың қаймағын азық қыламын. Себебі, майлы тамақты кешклік жеуге болмайды. Таңда жылқының майы колорид ретінде көп қуат береді», - дейді ол.

Ұлытаулық марафоншы былтыр Қазақстанды жаяу аралап шығып, 8 мың шақырымды бағындырған еді. Оған бұл жолды жүріп өтуге жарты жылдай уақыт қажет болған.

Сондай-ақ, ол биыл 2 тамызда Атырау қаласынан жаяу шығып, Астрахан, Дағыстан, Шешенстан, Грузия, Түркия бағытын жаяу бетке алатынын айтқан еді. 2 тамыз бен 14 қазан аралығында қария 2900 шақырымды жаяу жүріп өткен.

«Бұл жер шарын аралаудың бірінші бөлімі болып отыр. Екінші кезеңді 2024 жылы бастаймын», - дейді саяхатшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам