«Манчестер Юнайтед» «Реалдың» камбэгін қайталады

Michael Regan/Getty Images
Michael Regan/Getty Images

Чемпиондар лигасының төртінші турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Романы» қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы таймда манкуниандықтар 0:2 есебімен жеңіліп тұрғанын айта кету керек.

Римдік клуб ойын бастала салысымен шабуылға көшіп, жылдам гол соғып алды. Небәрі 11-минутта Матиас Соуле дәл соққысымен көзге түсті. Ал арада жеті минут өткенде Дниэлл Мален пенальти теуіп, есепті еселеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылды үдетті. 58-минутта Бруно Фернандеш 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ. Ал, 83 және 86- минуттарда Матеус Кунья екі гол соғып, «Манчестер Юнайтедке» жеңіс алып келді. Дегенмен, 91-минутта ол екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылғанын да айта кету керек.

Чемпиондар лигасының екінші турында «Рома» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдап, 3:4 есебімен жеңілген болатын. Ол кезде де римдіктер 3:1 есебімен алда тұрған еді. Алайда, екінші таймның соңында корольдік клуб қатарынан үш гол соғып, жеңісті жұлып алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам