Ұлттық Олимпиада комитеті Бақтияр Артаевты құттықтамады

Telegram WhatsApp

Комитет бұрын басқа жеңімпаздарды құттықтап отыратын

Getty Images
Getty Images

Қазақтың даңқты боксшысы Бақтияр Артаевтың Олимпиада чемпионы болғанына 20 жыл толды. 2004 жылдың 29 тамызында Афиныда (Грекия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында жерлесіміз топ жарған болатын.

Осынау мерейлі даталарда Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті чемпиондарды ресми құттықтайтын. Мәселен, 2020 жылы Сидней Олимпиадасында жеңімпаз болған спортшылар туралы мақалалар мен сұхбаттар сериясы шыққаны есте. Алайда, бұл жолы Афиныдың жалғыз чемпионы елеусіз қалды.

Айта кету керек, Грекия астанасында да Қазақстан құрамасы биылғыдай жалғыз алтын медаль еншілеген болатын. Оны 69 келіде жұдырықтасқан Бақтияр Артаев жеңіп алды. ҰОК-тың қазіргі президенті Геннадий Головкин болса финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтен жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.

ҰОК осынау датаны ұмытып кетті ме, әлде Париждегі сәтсіздіктерден кейін құлқы болған жоқ па – ол жағы белгісіз.

Осы ретте айта кету керек, дәл осы Париж Олимпиадасының алдында Бақтияр Артаев ютуб-каналдардың біріне сұхбат беріп, Геннадий Головкиннің жалақысы туралы айтқан болатын. Мұнан кейін ҰОК тарапынан наразылық туындап, Артаевтың жала жапқаны туралы арнайы мәлімдеме жасалды.

Артаевтың Афиныдағы алтыны туралы тек бокс федерациясы ғана арада бір күн өткенде: «Осыдан 20 жыл бұрын Бақтияр Артаев Афины Олимпиадасында алтын медаль иеленген» деп қысқаша жазды.

Айта кетейік, ежелгі Эллада елінде 21 жастағы Артаев атой салып, Вэл Баркер кубогын да еншілеген еді. Ол жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитовты, финалда екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагонды жеңген болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 5 228 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 217 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›