Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Қырғыз балуандары соңғы төрт әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді

Бүгін, 01:57

Қырғызстандық сарапшы мұның себебін түсіндіріп берді

Қырғыз балуандары соңғы төрт әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді
Sputnik / Абзал Калиев

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен соңғы бір Олимпиадалық циклдегі әлем чемпионаттарында Қырғызстан балуандары жалпы медальдар жиынтығы бойынша – 6, алтындар саны бойынша Ресей, Әзербайжанмен бірге 4-ші орынға жайғасқан. Бұл туралы Қырғызстан күрес федерациясы ресми парақшасында жазылды.

Жалпы тізімде Жапония көш басында тұр. «Күншығыс елінің» балуандары күрестің 3 түрінен  4 жылда 22 алтын, 8 күміс, 13 қола медальға ие болды. 16 алтын, 14 күміс, 18 қола медаль алған АҚШ  екінші орынға жайғасқан. Үздік үштікті Иран түйіндегі. Парсы балуандары 12 алтын, 12 күміс, 11 қола медаль олжалады. Ресей 7 алтын, 7 күміс, 14 медальмен төртінші орында. Әзербайжан командасы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль алып, алтыншы орынға табан тіреді. Ал, қырғыздар 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен алтыншы орында болса,  6 алтын, 3 күміс, 12 қоласы бар Түркия жетінші орынды түйіндеді. 

Айта кетейік, қырғыз балуандары Токио Олимпиадасынан кейінгі 3 әлем чемпионатында тұрақты медаль алып келген. Тек, соңғы 2024 жылы Тиранада өткен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтардағы әлем чемпионатында қырғызстандықтар жүлдесіз қалды.

Ал, Париж Олимпиадасында Қырғызстанның бозкілем шеберлері 1 күміс, 4 қола медальға ие болды. Бұл – Қырғызстан тарихында Олимпиададағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Осы орайда қырғызстандық спорт журналисі, күрес түрлері бойынша сарапшы Бексултан Усеналиевті сөзге тартып, жетістіктің сырын сұрап көрдік.

– Кейінгі жылдары қырғыз күресі жоғары деңгейде. Мұның сыры неде? 

– Қырғыз күресі, өздеріңіз көріп тұрғандай, жаңа деңгейге шықты. Оған себеп – бізде күрес мектебі жақсы қалыптасты. Оның үстіне, бапкерлер құрамы мықты болды. Бапкерлер штабы грек-рим күресіне жаңа системалар кіргізген. Содан мықты балуандар шыға бастады. 

Одан бөлек, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 2 қырғыз балуаны медаль алды (Қанатбек Бегалиев – күміс, Руслан Тюменбаев – қола). Сол балуандар Бейжіңде медаль алғаннан кейін Қырғызстанда күреске қызыққан жастар көбейді. Олар – қазіргі жұлдыздар Ақжол Махмұдов, Жоламан Шаршенбеков. 

Сондай-ақ, мемлекеттің қолдауы күреске ерекше болды. Қырғызстанда мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінетін спорт түрі – күрес. Ал, Айсұлу Тыныбекова феномен. Соған қарап өскен қырғыз қыздары қазір әлемдік ареналарда жетістікке жетуде. 

– Парижде қырғызстандық балуандар алтын алмады. Бірақ күрестен медаль саны көп. Алтын алуға 2-3 балуанның мүмкіндігі болды. Алайда, қола медальмен шектелді. Жоламан, Ақжол, Айсұлулар алтын аламыз деп өздеріне қатты сенімді болып кеткен жоқ па? Париждегі нәтиже көңіліңізден шықты ма? 

– Шынын айту керек, Париждегі Олимпиада ойындарында бүкіл қырғыз елі балуандардан алтын күткен. Тарихи алтын болады дестік. Себебі екі дүркін әлем чемпиондары бар. Ақжол Махмұдов пен Жоламан Шаршенбеков екі жыл қатарынан әлем чемпионатында чемпион болған. Олар Олимпиадада фоварит саналған. Олардан бөлек, Айсұлу Тыныбекова, Айпері Медетқызы, Мейірім Жұманазаровалар өздерінің салмақтарында фаворит болып тұрды. Өкінішке қарай, алтын болмады. Парижде сапа емес сан жағынан медаль көп болды. Алтынға жете алмаған мықты балуандарымыз қоламен оралды.

Спорт былғандықтан біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Мына балуан мынадай болды деуден аулақпыз. Спортшының бір ғана қателігі көп нәрсені шешеді. Қай балуан қай жағынан осал болғанын нақты айта алмаймыз. Олимпиадаға осал спортшы қатыспайды. Барлығы жеңу үшін барады. Сол себепті бірдеңе деу қиын. Жалпы балуандарымызға көңілім толады. 

– Қырғызстанда шетелдік бапкерлер қызмет атқарды ма? Қазір бар ма? 

– Бізде шетелдік бапкерлер болған емес. Барлығы – қырғызстандық мамандар. Бұған дейін басқа елдерге барып тәжірибе жинап келген бапкерлер бар. Руслан Мажинов Америкада көп жылдар бойы жұмыс істеп келді. Келген соң еркін күресті жаңа деңгейге шығарды. Еркін күрестен Азия чемпиондары шықты және  әлем чемпионатында медаль алған балуандар да бар.

– Қырғызстанда легионер балуандар бар ма? 

– Бізде бұрын легионерлер болды. Соңғысы Айаал Лазеров деген якутиялық балуан. Париж Олимпиадасынан кейін ол мансабын аяқтады.

Айтып өткенімдей, бұрындары легионерлер бар еді. Соңғы 5-6 жылда олардың саны азайды. Сырттан ешкім келмеді десе де болады.   Легионерсіз-ақ өз балуандарымыз әлемде өздерін дәлелдеп жүр.

– Қазіргі уақытта қазақ қырғыз күресінің байланысы қалай?

– Қазақстан мен Қырғызстан бір ғана спортта емес, жалпы бір туған халық болғаннан кейін әр салада байланыстамыз. Соның ішінде күресте жақсы қарым-қатынастамыз. Екі ел балуандары жиі оқу жаттығу жиынын өткізіп, тәжірибе алмасады. Жеке балуандар арасында достар бар. Ақжол Махмұдов пен Демеу Жадраев бір салмақта қарсылас болып жүреді. Екеуі бір-бірімен кілемде талай қарсылас атанды. Ал, өмірде ағайынды сияқты жақсы қарым қатынаста. Одан бөлек, басқадай балуандар мен жаттықтырушылар бір-бірімен жақсы сыйластықта. Спортта біз байланысты жақсартсақ екі елдің достығы да мәңгі болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам