Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Жозе Моуринью & келесі аялдама

17.01.2024, 00:49

Португалдық маман Римнен кетті

Жозе Моуринью & келесі аялдама
Paolo Bruno / Getty Images

Жозенің «Рома» клубынан кететіні былтыр күзде белгілі болған. Командада ТОП ойыншылар сатып алатын қаржы жоқ. Лукаку мен Дибала бар демесеңіз, клубтың қалған ойыншылары ТОП деңгейде емес. Дибала – жарақатына байланысты 2 апта ойнап, 1 ай алаңға шықпайтын адам. Онсыз «Романы» сүйрейтін лидер жоқ. Команда капитаны Пеллегрини де көп «сынатын» ойыншы. Капитан деген маңызды матчтарда үнемі 90 минут ойнап, басқаларына үлгі болуы керек.

Жозе – амбициясы асқақ бапкер, бірақ клубтың мүмкіндігі шектеулі. Ағылшын клубтары сияқты бай емес. Жазғы трансфердегі жалғыз олжасы – Лукакуды жалға алғаны. Қысқы трансферге ақша жоқ, қаржылық лимит те бар.

Кету керек. Кетті. Келесі аялдама қайсы? Бразилия ұлттық құрамасы, әлде «Челси»?

Жозе шау тартты ма? Жоқ. Карло Анчелотти де «Бавария» мен «Наполи» клубтарында ештеңе жарытпай, «Эвертон» клубында біраз құрдымға кетіп, «Реал» командасына қайта оралған соң есін жиды. «Реал» – Анчелоттидің клубы. Дәл сол сияқты «Челси» – Жозе тандемі бар. Маусым аяқталғанша демалып, клубты жан-жақты зерттеп, футбол базарына асықпай үңілуге уақыт бар. Қазір «Челси» мықты менеджерге қыжалат.

Жозе үшін бағындыратын тағы бір белес – Бразилия ұлттық құрамасы. Бұрын-соңды ұлттық құраманы жаттықтырмаған. Карло Анчелотти әзір «Реалдан» кетпейтін сияқты. Демек, аты бар бапкерлердің арасынан Жозе Моуриньюны таңдауға болады. Үш матч қатарынан – Уругвай, Колумбия, Аргентина құрамаларынан жеңілген Бразилияға айтқанын орындататын бір адам керек. Ол – Жозе. Португал тілі – ортақ, коммуникация қиындық туғызбайды. Алда Америка кубогы келе жатыр, оның үстіне 2026 жылғы әлем чемпионатына шыға алмау қаупі бар. Жылдам нәтиже көрсететін адам керек.

Жозе Моуринью арабтардың ақшасына алданатын адам емес. Ақша – басты мотивация емес.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам