Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Париж олимпиадасы: Қазақстан атлеттері қандай спорт түрлерінен жолдама иеленді?

16.01.2024, 16:45

Лицензиялық жарыстардың көбі көктемде басталады

Париж олимпиадасы: Қазақстан атлеттері қандай спорт түрлерінен жолдама иеленді?
Фото ашық дереккөзден

Биыл өтетін Париж олимпиадасына Қазақстан спортшылары әзірге небәрі 19 жолдама иеленді. 7 айдан кейін басталатын сынға дейін отандық атлеттер лицензия санын әлі де арттыра түспек.

Әзірге төртжылдықтың басты ойындарына мергендер 3 жолдама иеленді. Олардың қатарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан атудан Санат Ислам Әзірбайжанда өткен әлем чемпионатында жолдама еншіледі. Ал Константин Малиновский мен Арина Алтухова Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында 50 метрден атудан үздіктер қатарына қосылып, Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Күрес түрлерінен әзірге екі жолдама ғана бар. Олар еркін күрестен 86 келіде ӘЧ-да қола медаль иеленген Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен 87 келіде 5-орын алған алған Нұрсұлтан Тұрсыновқа тиесілі.

Ал, заманауи бессайыстан қос жолдамаға былтыр Қытайда өткен Азия ойындарында Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин қол жеткізді.

Велоспорттан Қазақстан қоржынына Париж олимпиадасының 3 жолдамасы түсті. Азия ойындарында топтық жарыстан және әлемдік рейтинг бойынша жеке көрсеткіштен спортшыларымызға осындай мүмкіндік тиіп отыр.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими көпсайыстан Париж олимпиадасында сынға түседі. 

Қазақстан боксшылары ерлер және әйелдер құрамасы бойынша әзірге 2 жолдамаға ғана ие болып отыр. Оның бірі аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевқа тиесілі болса, екіншісі 57 келідегі Карина Ибрагимованың еншісінде.

Садақ ату спортынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Еременко Александр және жалпы құрама команда 4 жолдамаға ие.

Сондай-ақ, винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Александра Ле, жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин күні кеше жолдама иеленіп үлгерді.

Қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары 9 спорт түрі бойынша барлығы 19 жоламаға ие.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам