ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Нәтиже жоқ, үмітті ақтамады – Спорт министрлігі «Астана» баскетбол клубын таратудың себебін атады

Бүгін, 21:22

Мемлекеттен бөлінетін қаражат бұдан былай балалар спортын дамытуға көбәрек жұмсалады

Нәтиже жоқ, үмітті ақтамады – Спорт министрлігі «Астана» баскетбол клубын таратудың себебін атады
БК “Астана”

«Астана» баскетбол клубы өз қызметін тоқтатуына байланысты командада өнер көрсететін спортшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Клуб жабылса ұлттық құрамада ойнайтын баскетболшылар мансабын аяқтауға мәжбүр болады дейді олар.

Осынау үндеуге Спорт министрлігі жауап берді. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің айтуынша, «Астананы» қаржыландыру мемлекет үшін тиімсіз шығынға айналған. Өйткені клуб соңғы бірнеше жылдан бері үмітті ақтамай келеді екен.

«ВТБ Бірыңғай лигасының өткен маусымының қорытындысы бойынша «Астана» баскетбол клубы соңғы 12-орынға тұрақтады. Команда 44 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетіп, жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асты. Бұл – клубтың ВТБ Бірыңғай лигасындағы ең нашар нәтиже. Сонымен қатар, команда соңғы сегіз жыл бойы аталған турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Ішкі аренада да «Астана» баскетбол клубы алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмады. Команда Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеде есе жіберіп, Ұлттық лиганың чемпиондық атағын да иелене алмады», - деді Есеналин.

Оның сөзінше, мемлекеттен бөлінетін қаражат бұдан былай балалар спортын дамытуға көбәрек жұмсалады. Негізгі басымдық жастар командасын дамытуға, сапалы спорт резервін қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға беріледі.

Ал, баскетболшылар болса негізгі команданың жабылуы бүкіл қазақстандық баскетболға кері әсер ететінін атап өтті. Олардың сөзінше, бұл жас баскетболшылардың дамуына кедергі келтіріп, ұлттық чемпионатты әлсіретеді және ұлттық құрамаға ойыншылар дайындаудың қалыптасқан жүйесіне зиян тигізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам