ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Аты аңызға айналған танымал баскетболшы әрі бапкер Дон Нельсон өмірден өтті

Бүгін, 11:06

ҰБА-ның бес дүркін чемпионы Дон Нельсон 86 жасында қайтыс болды

Аты аңызға айналған танымал баскетболшы әрі бапкер Дон Нельсон өмірден өтті
Ronald Martinez / Allsport / Getty Images

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБА) бес дүркін чемпионы, Даңқ залының мүшесі әрі лига тарихындағы танымал бапкерлердің бірі Дон Нельсон 86 жасында дүниеден өтті.

Қайғылы хабарды Нельсонның отбасы растады. Аты аңызға айналған баскетболшы әрі бапкер жексенбі күні отбасы мүшелерінің ортасында қайтыс болған. Өлімінің себебі әзірге жарияланған жоқ.

«Жексенбі күні таңертең сүйікті жарымыз, әкеміз, атамыз әрі арғы атамыз Дон Нельсон отбасының жанында өмірден өтті. Соңғы аптада достары мен отбасы мүшелері оның жанында болып, бірге өткізген қымбат сәттерін еске алды», – делінген отбасы мәлімдемесінде.

Нельсон ойыншы ретінде «Бостон Селтикс» сапында бес рет ҰБА чемпионы атанды. Кейін бапкерлік қызметте де айтарлықтай жетістікке жетіп, ҰБА тарихындағы ең үздік мамандардың біріне айналды.

Ол ҰБА-ның тұрақты чемпионатында бас бапкер ретінде 1335 жеңіске жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Нельсон лига тарихында екінші орында тұр. Ол 12 жылға жуық уақыт бойы рекордты иеленді. Алайда 2022 жылы бұл нәтижеден «Сан-Антонио Сперс» командасының бұрынғы бас бапкері Грегг Попович асып түсті.

Дон Нельсонның есімі баскетбол тарихындағы ерекше тұлғалардың қатарында қалды. Ол ойыншы әрі бапкер ретінде ҰБА-ға елеулі үлес қосып, спорттағы ұзақ әрі табысты мансабымен танылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам