Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Астана» БК ресейлік клубтан ойсырай жеңілді

03.03.2024, 17:15

Астаналық команда турнир кестесінде 5-ші орында келеді

«Астана» БК ресейлік клубтан ойсырай жеңілді
pbcastana.kz

ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы «Пари Нижний Новогород» командасынан ойсырай жеңілді. Матч Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өтті.

Айта кету керек, жуырда ғана астаналық клубтың бапкері ауысып, тізгінді грек маманы Фокиос Такианос ұстады. Оның дебюттің ойыны осылайша жеңіліспен басталып отыр.

Алғашқы үш кезеңде «Астана» БК қарсыласына есе жіберді. Тек төртінші периодта отандық баскетболшылар ес жиып, қарсыласын бес ұпай айырмасымен жеңе алды. Дегенмен, бұл ойынның жалпы нәтижесіне еш әсерін тигізген жоқ, «Астана» 64:82 есебімен жеңілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам