“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Баскетболдан АҚШ құрамасы қатарынан бесінші Олимпиадада чемпион атанды

11.08.2024, 03:09

Америкалық команда Олимпиада ойындарына барлығы 20 рет қатысып, соның 17-де чемпион болған

Баскетболдан АҚШ құрамасы қатарынан бесінші Олимпиадада чемпион атанды
Petter Arvidson / Global look press

Баскетболдан АҚШ-тың жұлдызды құрамасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Финалда америкалықтар жарыс қожайыны Франция комендасымен кездесіп, 98:87 есебімен жеңіске жетті (20:15, 29:26, 23:25, 26:21).

АҚШ ойыншысы Стефен Карри матчтың ең нәтижелі ойыншысы деп танылды. Ол 24 ұпай жинап, бес рет нәтижелі пас берген және екі рет қарсылас добын тартып алған. Паркетте ол 30 минутқа жуық уақыт өткізді.

Ал, Франция тарапынан ең үздік болған – Виктор Вембаньяма. «Сан-Антонио Спёрс» ойыншысы 26 ұпай жинап, екі рет нәтижелі пас берді. Вембаньяма NBA-да өнер көрсететін ең бойшаң баскетболшы екенін айта кету керек.

АҚШ баскетбол құрамасы

АҚШ баскетбол құрамасы болса осымен қатарынан бесінші Олимпиаданы жеңіп отыр. Америкалықтар өз тарихында жазғы Олимпиада ойындарына 20 рет қатысып, соның 17-де чемпион болған, бір рет күміс, екі рет қола жүлдегер атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам