«Астана» баскетболшылары 43 ұпай айырмашылығымен жеңіліп ұятқа қалды

Келесі ойынын қазақстандық команда 29 қыркүйекте өткізеді

Astana Basketball Club
Astana Basketball Club

Елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының аясында сырт алаңда «Локомотивом-Кубань» командасымен кездесті. 

«Астана» матч бойынша қарсыласына қарсы еш қауқар көрсете алмады. Қорытынды есеп – 84:127, отандықс клуб 43 ұпай айырмашылығымен жеңілді. 

«Астана» сапынан ең нәтижелі ойын көрсеткен Ти Джей Старкс болды. Ол 22 ұпай жинады. Ал, Дэниэл Утоми – 20, Джеймс Мюррэй-Бойлс – 18, Данила Походяев – 15, Григорий Мотовилов – 5, Асқар Майдекин – 4 ұпайға ие болды.

Енді «Астана» 29 қыркүйекте Пермь аймағының «Парма» клубымен кездеседі.

ВТБ бірыңғай лигасы. 2-тур

«Локомотив-Кубань» – «Астана» – 127:84 (30:22, 28:25, 34:23, 35:14).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам