Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Астана» баскетбол клубы қолда тұрған жеңісінен айрылып қалды

30.11.2023, 21:48

Матчтың негізгі бөлігі тең аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды

«Астана» баскетбол клубы қолда тұрған жеңісінен айрылып қалды
Единая Лига ВТБ

Біріңғай ВТБ лигасында өнер көрсетіп жатқан «Астана» баскетбол клубы өз алаңында мәскеулік «Рунадан» жеңіліп қалды.

Ойынның алғашқы екі кезеңінде астаналық команда басымдық танытып, есепте алға шыққан. Алайда, қалған екі кезеңде «Руна» ойыншылары күш жинап, таразы басын теңестіре алды. Осылайша, ойынның негізгі бөлігі 82:82 есебімен тең аяқталып, овертаймда Мәскеуден келген клубтың мерейі үстем болды.

Енді 3 желтоқсанда «Астана» өз алаңында Мәскеудің тағы бір клубы ЦСКА-ны қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам