Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Алматыда балалар арасындағы баскетбол жарысында ұйымдастырушылар темекі шеккен

12.12.2023, 17:53

Олар айыппұл төлеуі тиіс

Алматыда балалар арасындағы баскетбол жарысында ұйымдастырушылар темекі шеккен
көрнекі фотосурет

Алматыда Түрксіб аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Менің ауданымның ойыны» атты баскетбол жарысында ұйымдастырушылар электронды темекі шеккен. Бұл туралы жарысқа қатысқан балалардың бірінің анасы Orda.kz порталына айтып берді.

Жарыс «Абылай хан» спорт кешенінде өтіпті. Ұйымдастырушылар ойын болып жатқан залдың ішінде отырып вейп шеккен. Оларға ескерту айтқан ата-анаға дөрекі сөйлеп, темекісін әрі қарай тарта берген екен.

«Жарысты ұйымдастырушы Равиль Шамсутдинов пен оның жанындағы қыздардың тура ойын болып жатқан залда электронды шылым шеккені жағамды ұстатты», - дейді Дарья Бублик есімді ата-ана.

Айта кету керек, қоғамдық орында темекі тарту – ҚР Әкімшілік кодексі аясында 15 АЕК айыппұлмен жазаланады. Равиль Шамсутдинов журналиспен болған әңгім барысында өзінің тәртіп бұзғанын мойындап, аталған айыппұлды төлеуге дайын екенін айтқан. Алайда, жанындағы өзге ұйымдастырушылардың әрекетіне жауап бермеймін деп қысқа қайырды.

Ал, Дарья Бублик болса ұйымдастырушылардың барлығы жарысқа қатысқан балалар мен олардың ата-аналарынан кешірім сұрап, бәрі айыппұл төлеуі керек деп есептейді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам