Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Астана» баскетбол клубы жеңілістер сериясын үзді

28.11.2023, 10:03

Елордалық команда турнир кестесінің 9-сатысына жайғасқан

«Астана» баскетбол клубы жеңілістер сериясын үзді
sports.kz

ВТБ лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы қатарынан болған екі жеңілістен кейін өз жанкүйерлерін қуанта алды. Кеше елордалық команда өз алаңында «Самараны» қабылдап, 83:66 есебімен басым түсті.

Матч алдында сарапшылар «Самараның» жеңетініне күмән келтірмеген. Букмекерлер де қазақстандық клубтың жеңісіне сенбеген еді. Алайда, ойынның төрт кезеңінде де қарсыласынан бір бас жоғары болған «Астана» баскетболшылары маңызды ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, соңғы екі матчта «Астана» «Енисей» және «Парма» командаларынан жеңіліп қалды. Турнир кестесінде елордалық клуб 18 ұпаймен 9-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам