Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Брайтон» – «Астон Вилла»: Ермұхамед Мәуленнен болжам

05.05.2024, 17:06

Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады

«Брайтон» – «Астон Вилла»: Ермұхамед Мәуленнен болжам
instagram.com/e.maulen/

Ағылшын Премьер-лигасының кезекті турында «Брайтон» өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдайтыны белгілі. Осы матчтың нәтижесіне белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен болжам жасады.

- «Астон Виллаға» жеңіс қажеттірек. Бірақ, «Брайтон» да оңай шағылатын жаңғақ емес. Бирмингемдіктерді алда Еуролига ойындары күтіп тұрғандықтан бүгін барын салып ойнайды деп айта алмаймын. Сондықтан, қос команда да гол соғады деген нұсқаға тоқталғым келіп тұр. Яғни, менің болжамым: қос команда да кол соғады немесе «Астон Вилла» бір голдан көп соғады.

Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам