Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Англия VS Испания: Комментаторлар финалға болжам жасады

14.07.2024, 16:11

Бүгін Еуропа чемпионаты финалында Испания мен Англия құрамалары ойнайды

Англия VS Испания: Комментаторлар финалға болжам жасады
port24.ru

Бір айға созылған Еуропа чемпионаты түгесілуге жақын. Енді тек чемпионды анықтау қалды. Алғаш рет құрлық біріншілігінің тарихында Англия мен Испания кездеседі. Осы ретте Қазақстан мен Ресей комментаторларының болжамын ұсынамыз.

Ерсін Ерік (Qazsport):

Гарет Саутгейт командасы чемпиондыққа лайық емес. Испанияның ойыны ұнайды. Пас, соққы бәрі бар. Сондықтан Испания жеңіске лайық. Англия ұтылса ешқандай өкініш жоқ. Ағылшындардың қорғанысында проблема бар. Швейцария, Словкаия, Нидерланды, Дания бәрі гол соғып шықты. Олардың қосалқы құрамында үнемі жақсы футболшылар бар. Бірақ ойын жоқ. Бүгінгі финалда да бірдеңе істейді дегенге сенбеймін.  Бұл матчта Испания 2:1 есебімен жеңіске жетеді. Испания сапынан Дани Ольмо гол соғады деп ойлаймын. Ағылшындар қарап қалмас, Кейн мен Беллингем бар жерде бір доп кіргізетіні түсінікті. Испанияның жеңісіне букмекерлер 2,55 коэффицент беріп тұр. Ал екі команда гол соғады деген 2,11 коэффцент. 

Айбек Намазбаев (Qazsport):

Бүгін көптен күткен финал. Еуро басталмас бұрын, Испания Солтүстік Ирландиямен соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Сол ойынды тамашалап, Испанияның Еуроның финалына жететіндей мүмкіндігін көрген едік. Әрине, Солтүстік Ирландия анау айтқандай азулы қарсылас емес. Бірақ ойын барысында жас ойыншы Ямаль мен Нико Уильямстың түсінісуі, Моратаның көшбасшылығы әдемі үйлесін тапты. Топтық кезеңде өте керемет өнер көрсетті. Испания сүреңсіз ойынымен жалықтырған Англияны ұтатын секілді. Саутгейт осымен екінші мәрте финалда жеңілген бапкер ретінде  тарихта қалады деген ойдамын.
Есеп 2:1. Испания жеңіп, үздік жас ойыншы атағы Ламин Ямальға бұйырады. Испанияның жеңісіне букмекерлер 2,55 коэффицент ұсынып отыр.

Константин Генич (Матч ТВ):

Берлинге дейін Испания мен Англия жетті. Германия астанасында алғашқы жорығын Испания бастаған еді. Олар бірінші турда Хорватияны 3:0 есебімен жеңген. Дегенмен мұндай ірі есеп ағылшындармен ойында тіркелмес. Аз-кем басымдықпен ұтса да болады. Бірақ оған қалай қол жеткізеді? Егер финалға голандықтар шыққанда Испания айқын фаворит саналар еді. Бірақ Англиямен ойында да оларға букмекерлер басымдық беріп отыр. 

Іш пыстыратын ойын көрсететін Англия Нидерландымен кездесудің бірінші таймында біраз жүйке жұқартты. Жалпы Англия плей-оффтағы үш матчта да қақпасына бірінші гол жіберіп, жеңісті жұлып алды. Біреуге бұл стиль ұнайды, кейбірінің жыны келеді. Әлбетте нәтижені маңызды санайтындар бар, енді бірі творчестволық еркіндік қажет деп ойлайды. Енді, міне, екі түрлі мәдениеттің, екі түрлі идеологиялық колективтің өкілдері кездеспек. Бапкерлерінің стильдері де әрқилы. Менің бүйрегім Испанияға бұрады. Алайда бұл – финал. Сондықтан бәрі болуы мүмкін. Англия соншалықты прессинг жасап, жоғары көтеріліп ойнайды деп ойламаймын. Бұған дейін ұтылып жатқанда Нидерландыға қарсы барынша прессинг жасап көрді. Бұл жолы олай болмас. Саутгейт қайтадан «ұйқыдағы» режимін қосады. Бірақ Испания алғашқы минуттан тайлы-тұяғымен шабуылға деуі де факт емес. Мұндай кездесуде әрбір қателік қымбат соғады. Менің болжамым – бірінші таймда екі команда тең түседі. Букмекерлер бұл болжамға 1,98 коэффицент беріп тұр.

Денис Казанский («Первый канал»)

Финалдың да уақыты келді. Матч бәлкім Еуропа чемпионатының тарихындағы үздік финал болуы мүмкін немесе керсінше. Өйткені көп нәрсе Англияға байланысты. Испанияның жағдайы түсінікті. Олар жүгіреді, тебеді. Англия тек Нидерландымен бірінші таймдағыдай ойнаса ғана қызықты финал болады. 

Испания жеңіске жетсе, тарихты жаңартады. Әлі күнге Еуроны ешкім төрт рет ұтпаған. Осы жағынан немістерді озады. Англия мүлдем топ жарып көрмеген. Сондықтан бұл жолы кубок көтерсе, алғаш рет болмақ. Ойын 120 минутқа дейін жалғасып, пенальти көріп қалуымыз ықтимал.

Менің болжамым – бірінші таймда сары қағаздың саны 1,5-тен көп. Бұған 2,15 коэффицент беріп тұр. Өйткені Уильямс пен Ямаль мен қаптал арқылы көп шабуылдайды. Англияның қорғаушылары қатаң ойнауға тырысады. Сондықтан сары қағаз көп болуы тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам