Ол жартылай финалда Жетісу облысының өкілі Әділбек Қожаханмен кездесті
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Таразда өтіп жатқан ел чемпионатының финалына шыға алмады.
Ақмола облысының атынан сынға түскен Асылқұлов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Жетісу облысының өкілі Әділбек Қожаханмен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Қожахан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол финалға жолдама алса, Оразбек Асылқұлов Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы IBA әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ өткен айда Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген болатын.