Бұған дейін Арутунян шәкірттері «Ригамен» де тең ойнаған болатын
Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші турында Алматының «Қайраты» «Аталантаға» қонаққа барып, бір ұпай еншілеп қайтты, есеп – 1:1.
Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Италиялық клуб қарқынды шабуылдағанымен, Темірлан Анарбеков күзеткен қақпаның кілтін таба алған жоқ. «Қайраттың» да қарымта шабуылдары оң нәтиже бермеді.
Есесіне екінші тайм бастала салысымен алматылықтар есеп ашып кеті. 53 минутта Марк Гуаль қарымта шабуылға шығып, «Аталанта» қақпашысынан айласын асырды. Ал, 82-минутта алаң иелері сапынан Никола Крстович қанжығасын майлап, командасын сенсациялық жеңілістен құтқарды.
Осылайша, «Қайрат» Конференция лигасындағы үш матчтың екеуінде тең ойнап, ұпай жинауын жалғастырып жатыр. Келесі ойынды Жора Арутунян шәкірттері 26 қарашада өткізеді. Бұл күні Алматыға швециялық «Мьельбю» командасы келеді.