Талғат Жайлауов бастаған команда келесі кездесуін 7 қарашада Қытай құрамасына қарсы өткізеді
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан 2027 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Жапонияны 3:2 есебімен жеңді.
Матчта жапондықтар Юто Танэичи мен Сюнта Кимураның шайбаларымен есеп ашқанымен, қазақстандықтар үш шайба соғып, жеңісті жұлып алды. Біздің құрама сапынан Максим Мұхаметов, Александр Мигунов және Кирилл Никитин мергендік танытты. Жеңіс шайбасын Никитин басымдық кезінде соқты.
«Номад» клубының ойыншылары Мигунов пен Никитин жеңіске елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Никита Мерзликин мен Абай Маңғысбаев нәтижелі пас берді.
Қазақстан құрамасының қақпасын қорғаған Владислав Нурек қарсыластың 19 соққысын қайтарды.
Талғат Жайлауов бастаған команда келесі кездесуін 7 қарашада Қытай құрамасына қарсы өткізеді. Ал 8 қарашада қазақстандық хоккейшілер алаң иелері – Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.