
Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі – Olimpbet сараптамасында
ЧМ-2026. Іріктеу. D тобы. Бірінші тур. Украина – Франция. 5 қыркүйек, 23:45 (Астана уақыты)
D квартеті жаңа ғана әлемдік біріншілікке іріктеуді бастады. Алғашқы турда-ақ топтағы ең маңызды матчтардың бірі өтпек – Украина Франциямен кездеседі.
Olimpbet сарапшылары «үштүстіктерді» айқын фаворит деп есептейді, бұған таңданудың қажеті жоқ. Франция құрамасы соңғы жылдары Еуропадағы ең мықты әрі тұрақты командалардың бірі. Айта кетсек, олар – қазіргі әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.
ФИФА рейтингінде қарсыластардың арасы тым алшақ: француздар – 3-орында, украиндар – 26-сатыда. Бұған қоса, матч Польша астанасында өтеді, сондықтан украиндар тек ресми түрде ғана алаң иесі болады.
Жеке кездесулер статистикасы да Францияның пайдасына: олар өткен 12 матчтың тең жартысын жеңген, бар-жоғы бір рет ұтылған. Дегенмен соңғы екі ойын тең есеппен (1:1) аяқталды.
Бірақ бұл факт Olimpbet сарапшыларының пікірін өзгертпейді – олар Франция кем дегенде екі гол соғады деп сенімді болжап отыр. Ең ықтимал гол авторы – мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе.
I тобы. Бесінші тур. Италия – Эстония. 5 қыркүйек, 23:45
I іріктеу тобында бесінші тур ойындары өтеді. Соның бірі – Италия мен Эстония арасындағы кездесу. Мұнда да Olimpbet сарапшылары алаң иелерін айқын фаворит деп танып отыр.
Қызығы, қос команда турнирлік кестеде қатар тұр – екеуінде де үш ұпайдан бар. Бірақ эстониялықтар төрт матч өткізіп үлгерсе, «скуадра адзурра» бар болғаны екі ойында бақ сынаған.
Екі құрама да топ көшбасшысы – төрт ойында төрт жеңіске жеткен Норвегиядан қатты қалып қойған. Айтпақшы, іріктеу циклының алғашқы турында «викингтерден» ойсырай жеңілу Италия құрамасының бапкері Лучано Спаллеттидің қызметтен кетуіне себеп болды. Оның орнын Дженнаро Гаттузо басты.
Эстонияның топтан тікелей шығуға мүмкіндік беретін бірінші орынды алуға тек математикалық қана үміті бар. Ал Италия алдағы матчта жеңіске жете алмаса, қатарынан үшінші әлем чемпионатын өткізіп алуы ғажап емес.
Алайда Юрген Хенн командасының әлемнің ең атақты құрамаларының біріне айтарлықтай қарсылық көрсетуі екіталай. Бұған статистика да дәлел: Италия Эстониямен өткізген жеті матчтың бәрінде жеңіп, жалпы есепте 20:2 көрсеткішке қол жеткізген.
Сондықтан Olimpbet сарапшылары алаң иелерінің алты гол айырмасымен жеңу ықтималдығы қонақтардың тең ойнау мүмкіндігінен де жоғары деп есептейді. Бұдан бөлек, олар Италиядан нәтижелі ойын күтіп отыр, «Джевис» аренасында матчтың «жоғарғы тоталы» қамтамасыз етілуі тиіс.