Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Бибосынов басқа елдің атынан шығуы мүмкін. Рыбакина жеке ұпайын түгендеп жүр

18.10.2023, 22:58

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленді. Спортшыларымыз нысана көздеу, ескек есу, веложарыс, джиу-джитсу спортынан үздік шықты. Бірақ бокстан бірде-бір алтын бұйырмады. Неге?

Бүгінгі подкаста Азия ойындарына барған спортшылардың жаттығуын, психологиялық дайындығын, спорт айналасындағы факторларды өз көзімен көріп, ел білмейтін көп дүниеге куә болған журналист Аслан Қаженов пен жарысты бастан-аяқ тамашалаған спорт жанкүйері Абырой Халықпен әңгіме құрдық.

Спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарына Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қатыспағанына қынжылыс білдірді. Егер Қазақстанның үздік теннисшілері Азиадаға барғанда, қоржынымызға тағы екі алтын түсер еді. 

Одан бөлек, боксшыларымыз – Асыланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимоваға әділетсіздік жасалғанын, Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан қолда тұрған алтыннан "айырылып" қалғанын айтты. 

Подкаст жүргізушісі:

Олжас Байбосын

Подкаст қонақтары:

Аслан Қаженов

Абырой Халық

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам