Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Бұл оңай жол емес»: Қонақбаев Головкинді алда не күтіп тұрғанын айтты

24.11.2025, 15:22

Головкинке бағдарламалық мақсаттарды орындауға үш жыл берілген

«Бұл оңай жол емес»: Қонақбаев Головкинді алда не күтіп тұрғанын айтты
Коллаж 1bol.kz

Олимпиадалық бокстың болашағы шешілетін кезеңде World Boxing тізгінін ұстаған Геннадий Головкинге бұрын-соңды болмаған жауапкершілік жүктелді. Серік Қонақбаевтың айтуынша, AIBA-ның халықаралық аренадағы дағдарысынан кейін бұл ұйымды қайта құру, әлемдік бокс федерацияларының сенімін қалпына келтіру және Олимпиада бағдарламасындағы бокстың мәртебесін нақты айқындау – жаңа президенттің ең күрделі әрі стратегиялық міндеттері. Қонақбаев Головкиннің тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті осы тарихи миссияны орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қонақбаевтың сөзінше, Головкиннің алдында тұрған бағдарламалық мақсаттарды орындауына үш жыл берілген.

«Геннадий тек бағдарлама жариялап қана қойған жоқ. Ол соңғы екі жыл бойы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарып, спорттық басқару саласында өзін толық дәлелдеді. Жаңа қызметтегі жауапкершіліктің ел алдында ғана емес, бүкіл әлемдік бокс қауымдастығы алдында да зор екенін жақсы түсінеді. Егер ол өз бағдарламасын толық орындай алса, бокстың Олимпиада бағдарламасындағы болашағы түбегейлі шешіледі», — деді Қонақбаев inform.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, бұл міндет тек келіссөз жүргізумен шектелмейді: Головкин рингтегідей, нақты нәтижелер арқылы халықаралық қауымдастықты сендіруі тиіс.

Сондай-ақ Серік Қонақбаев жаңа ұйым басшысына сәттілік тілеп, оның алдында үлкен жауапкершілік пен күрделі міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Ұйымдастырушылық, құрылымдық және қаржылық мәселелер өте көп. Бұл — жеңіл жол емес. Геннадий бұл кезеңді өзінің кәсіби командасымен және пікірлес серіктерімен бірге еңсеруі қажет. Қазақстан халқы әрдайым өз чемпионын қолдайтынына сенімдімін», — деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам