Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Александр Усик Головкиннің жаңа қызметінің маңызы туралы айтты

24.11.2025, 22:08

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуір айында құрылған

Александр Усик Головкиннің жаңа қызметінің маңызы туралы айтты
Peter Byrne/PA Images via Getty Images

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усик Геннадий Головкиннің жаңа лауазымға сайлануынан кейін аталған міндеттің маңызын атады.

«Геннадий, Сізді әлемдік бокстың президенті болып тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Бұл - бокc үшін маңызды қадам және спорттың дамуының жаңа кезеңінің басталуы», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Аталған жаңа қауымдастықтың президенттігіне Геннадий Головкин жалғыз үміткер болды. Оның кандидатурасы Римде өткен Конгресте мақұлданып, алдағы 3 жылға сайланып отыр.

Айта кететін жайт, Головкин 2024 жылдың ақпан айында Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті болып сайланған болатын. Енді ол жаңа лауазымдық міндетіне байланысты аталған ҰОК президенті қызметінен босатылуы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам