Оның кәсіби рекорды қазір 16 жеңіс (соның 9-ы нокаутпен) және 1 жеңілістен тұрады.
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас БАӘ-де өткен бокс кешінде Танзания өкілі Эгине Каянгені нокаутпен жеңіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.
3 желтоқсанда өткен жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақстандық спортшы кездесуді ерте аяқтады. Лукас алғашқы минуттардан бастап қарсыласын қыспаққа алып, үздіксіз шабуылдады. Төртінші раундта бағытталған сериялы соққылардан кейін Каянге тізерлеп отырып қалды. Рефери нокдаун санағанымен, танзаниялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Сөйтіп нәтижесінде нокаут тіркелді.
28 жастағы Ангелина Лукас осылайша WBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы (52,2 кг дейін) әлем чемпионы атанды. Оның кәсіби рекорды қазір 16 жеңіс (соның 9-ы нокаутпен) және 1 жеңілістен тұрады.
Айта кетейік, Лукас өткен айда америкалық Кэтрин Ренеге сенсациялық түрде есе жіберген берген болатын. Алайда кейін қарсыласы допинг-тесттен «құлағандықтан», бұл жекпе-жек ресми түрде «өтпеді» деп танылды.
Эгине Каянгенің есебінде енді 12 жеңіс (8 нокаут) және 9 жеңіліс бар, оның үшеуі – мерзімінен бұрын аяқталған.