Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Дәулет мүмкіндігін толық көрсеткен жоқ»: құрамадағы ең жас боксшының бапкері

06.12.2025, 01:31

Ол құрама сапындағы ең жас боксшы. 

«Дәулет мүмкіндігін толық көрсеткен жоқ»: құрамадағы ең жас боксшының бапкері
Әлім Әбдірашитов

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жас қазақстандық талант Дәулет Төлемісов ересектер арасындағы алғашқы қадамын сәтті бастады. 86 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған боксшы 1/16 финалда бразилиялық Батагелло Соуза Рамонмен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті – 5:0.

Төлемісов осы әлем чемпионатына келген жас боксшылардың бірі екенін бұған дейін жазғанбыз. Ал оның жеке бапкері Әлім Әбдірашитов еліміз құрамасындағы ең жас жаттықтырушы ретінде Дубайда ерекше көзге түсіп отыр. Жекпе-жектен кейін ол шәкірті туралы пікір білдірді.

Дәулет жекпе-жекті ойдағыдай өткізді, алыс қашықтықта бокстасты. Жоспарымызға сай жұмыс істеді. Әрине, кез келген боксшыға бірінші айқас қиын болады. Қалай дегенмен ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігі ғой. Сондықтан өз мүмкіндігін толық көрсеткен жоқ деп ойлаймын, алдағы айқастарда бұдан да сенімдірек өнер көрсетеді деп үміттенемін, – деді бапкер.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам