Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсірді

06.12.2025, 21:07

Жерлесіміз қадамын сәтті бастады. 

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсірді
Автор

Бүгін Дубайдағы (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күні.

Құрама сапынан алғаш болып шаршы алаңға 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.

Биылғы Әлем кубогында топ жарған Аққалықовтың алғашқы қарсыласы – Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузин.

Сабыржаннан бөлек кешкі сессияда рингке 51 келінің өкілі Даниял Сәбит (51 кг) пен 54 келідегі Сәкен Бибосынов шығады. Даниял Кения боксшысы Кельвин Майнамен жұдырықтасса, ал Сәкен Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен кездеседі.

Ал Қазақстан құрамасы атынан соңғы болып Серік Теміржанов (60 кг) бақ сынайды. Оның қарсыласы – Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбат.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам