Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Әлем чемпионаты: боксшы Асылқұлов жеңіске жетті

07.12.2025, 18:21

Ол бүгін ең бірінші болып шаршы алаңға көтерілді.

Әлем чемпионаты: боксшы Асылқұлов жеңіске жетті
Автордан

Бүгін, 7 желтоқсанда, Дубайдағы (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты.

57 келінің өкілі Асылқұлов келесі кезеңнің жолдамасын Кабо-Верде спортшысы Элизандру Саншеш да Силвамен сарапқа салды. Бұл кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері сенімді түрде жеңіске жетті.

Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлмен жекпе-жек өткізсе, Абылайхан Жүсіпов армян спортшысы Арарат Арутюнянмен жұдырықтасады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам