Боксшы Зарина Толыбай Ресей боксшысын жеңіп, әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасынан финалға шыққан төрт боксшының тек біреуі ғана жеңімпаз атанды

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Будвада (Черногория) 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Зарина Толыбай ресейлік Самира Итониевадан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

+80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қыздар жекпе-жегінің қорытынды есебі – 4:1 – Зарина Толыбайдың пайдасында.

Финалға дейін отандасымыз Тувалу мен Түркия боксшыларын жеңген болатын. Енді ол жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Черногорияда 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасынан жарыс финалына төрт боксшы шыққан. Олардың үшеуі күміс жүлдегер атанса, біреуі әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам