Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Абылайхан Жүсіпов күнді сенімді жеңіспен қорытындылады

Бүгін, 00:50

Бүгін шаршы алаңға алты боксшымыз шаршы алаңға шықты. 

Абылайхан Жүсіпов күнді сенімді жеңіспен қорытындылады
ҚР ҰОК

Қазақстандық тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнін қорытындылады.

71 келідегі жерлесіміз 1/8 финалда Беларусь боксшысы Александр Радионовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жүсіпов алғашқы айқасында армян Арарат Арутюнянды сенімді түрде жеңген болатын.

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының ширек финалында Эсватини спортшысы Мукело Дламиниді нокаутқа түсірді.

Сонымен қатар 51 келідегі отандасымыз Даниял Сәбит те турнирдің келесі сатысына өтіп, Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті айқын басымдықпен ұтқан болатын. Ал 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді оңай еңсерсе, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасынан келген Хосе Мануэль Агуйре Крузды үйіне қайтарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам