Роналдудың кеткеніне мен кінәлі емеспін - Жорже Жезуш

Португалия бапкері Роналдудың ұлттық құрамадан кетуіне қатысты пікір білдірді

Getty Images
Getty Images

Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш Криштиану Роналдудың ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешіміне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Record басылымы хабарлады.

Маман 41 жастағы шабуылшының таңдауын құрметтейтінін және оның кетуіне өзін кінәлі санамайтынын жеткізді.

«Жоқ… Бәлкім, оқиғаның өрбуін сәл жеделдеткен шығармын, бірақ мәселе менде емес. Ол қанша рет шақырылса да, мұның ерте ме, кеш пе болатынын өзі түсінді. Бұл мен жұмыс істеп жүрген кезеңде орын алуы мүмкін еді. Сондықтан оның кетуіне байланысты өзімді кінәлі сезінбеймін.

Мен оның шешімін құрметтеймін. Сонымен қатар артында қалдырған мұрасын ұмытпауымыз керек. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Ол мәңгілік символ болып қалады. Соңғы бір жарым жылда арамызда берік достық қарым-қатынас қалыптасты. Спорттық тұрғыдан ол басқа жолды таңдады, мен бұл шешімін толықтай құрметтеймін», — деді Жезуш.

Айта кетейік, Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы дебютін 2003 жылғы 20 тамызда Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ол кезде 18 жаста болған шабуылшы алаңға екінші таймда шыққан. Матч 1:0 есебімен Португалия құрамасының пайдасына аяқталды.

Роналду Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан және 45 нәтижелі пас берген. Ол 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, 2018/19 және 2024/25 маусымдарында Ұлттар лигасын жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам